✨ ЛОГОПЕД МАМАНДАР АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ! ✨ Бүгін мекемемізде Логопед мамандар апталығы ресми түрде ашылды! 🌿 Апталықтың мақсаты — балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту, логопед мамандардың еңбегін насихаттау және ата-аналарға пайдалы ақпарат ұсыну. Ашылу барысында: 🗣️ сөйлеу жаттығулары көрсетілді; 🎲 қызықты логопедиялық ойындар ойнатылды; 😊 балалар белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады; 🍬 соңында тәттілер таратылып, мерекелік көңіл-күй қалыптасты. Апталық бойы түрлі шеберлік сабақтары, ойындар және ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Баршаңызға сәттілік пен жемісті апта тілейміз! 💛