✨ Шын жүректен алғыс білдіреміз! ✨
Балаларымызға, соның ішінде ерекше балаларға, ұмытылмас қуаныш сыйлаған керемет @oinaline_kz ұжымына үлкен алғысымызды білдіреміз 🤍
Сіздер ойын аймағында тегін көңіл көтеруге мүмкіндік беріп, ерекше балаларымыздың жүзіне шаттық пен күлкі сыйладыңыздар. Сонымен қатар, әр балаға арналған түрлі сыйлықтар табысталып, олардың қуанышы еселене түсті 🎁
Шақырылған аниматорлар балалармен ерекше ықыласпен жұмыс жасап, жылы атмосфера қалыптастырды. Балалар үшін бұл күн тек мереке емес, жүректерінде ұзақ сақталатын бақытты сәттерге айналды 🌈
Осындай мейірімділік пен жанашырлықтарыңыз үшін шексіз алғыс айтамыз. Істеріңізге береке, отбасыларыңызға амандық, ал орталықтарыңызға толассыз қонақ тілейміз! 🙏